• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2014

Бюджеттің орындалуы қалай?

348 рет
көрсетілді

Президент жанындағы Ор­талық коммуникациялар қыз­метінде дәстүрлі брифинг өтті. Басқосудың бұл жолғы қонағы Республикалық бюджеттің атқа­рылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төра­ғасы Қозы-Көр­пеш Жаңбыршин болды. Бұл оның жаңа қызметке тағай­ын­далғалы бері журналис­термен алғашқы кездесуі болып отыр. «Бүгін Парламент пала­та­ларының бірлескен отырысында Үкімет пен Есеп комитетінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалу туралы есептері бекітілді. Есептер Пар­­ла­мент палаталарының бірлес­кен отырысында, олардың ко­ми­теттері мен жұмыс топтарында жан-жақты қаралды», деді Рес­публикалық бюджеттің атқа­рылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаң­быршин. Төраға өз сөзінде 2013 жылы Есеп комитеті 26 бақылау шарасын жүзеге асырғанын да атап өтті. Сондай-ақ, ол  Есеп ко­митеті Үкіметке, орталық мем­лекеттік және жергілікті атқа­ру органдарына, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъек­тілеріне 68 ұсыным мен 309 тапсырма жолдап, олар тиісінше 98 және 80 пайызға орындалғанын да назардан тыс қалдырмады. «Есеп комитетінің бюджеттің есепті мерзім ішіндегі орындалуы туралы қорытындылары де­пу­таттардың бағалауларымен сәйкес келіп, Үкімет оны сындарлы түрде қабылдаған. «Үкімет бюджетті орындау барысында өте мол жұмыс атқарды. Республикалық бюд­жет­ті орындауды бақылаудың және 2013 жылға арналған бақы­лау-талдау шараларының қоры­тын­дылары негізінде біз Үкімет­ке ұсыным әзірледік. Ол салық­тық және ке­дендік әкім­ші­­лік­тің сапасын жақсартуға, бағ­дар­­ламалық құжат­тарды, инвес­­тициялық жобаларды жүзе­ге асырудың тиімділігін арт­ты­­руға бағытталған», деді ол. Соны­мен қатар, бюджет­ті жоспар­­­­лау үрдісін, трансферт­терді есеп­теу мен жергілікті бюд­жеттер­ге түсетін түсімді бол­жауды, акционерлік қоғам­дар­дың жарғылық капиталын мем­лекеттің қатысуымен толықты­руды жетілдіру жолдары ұсы­нылған. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».