• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 21 Ақпан, 2023

Александр Бублик Марсель турнирін жеңіспен бастады

287 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 67-ракеткасы, сербиялық Филип Краиновичпен кездесті. Осыған дейін Александр өткен жылдың қазан айынан бері түрлі жарыста он рет қатарынан жеңіліс тапқан еді. Бұл жолы бірінші партияда сербиялық теннисші сәттірек ойнады – 7:5.

Есесіне екіншісінде брейк жасаған Бублик қарымта қайырды – 6:3. Қазақстандық спортшы үшінші, шешуші сетті қос брейкпен бастады – 3:0. Бұдан кейін сербиялық спортшы брейк жасап, есепті қысқартты. Дегенмен қазақстандық теннисші матчты эйспен түйіндеді – 6:4.

Александр ширек финалға шығу үшін әлемнің 48-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хуслер немесе рейтингте 58-орындағы франциялық Грегуар Баррердің біреуімен кездеседі.