• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Ақпан, 2023

Қостанай облысында туысын өлтірген ер адам ұсталды

325 рет
көрсетілді

18 ақпан күні Қостанай облысында 40 жасар ер адам қайтыс болды. Полиция қызметкерлері оның өліміне өз туысы себепкер болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 ақпан күні таңғы сағат 05:00 шамасында аудандық ауруханаға бас жарақатын алған 40 жастағы ер адам жеткізілді. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды», деп жазылған хабарламада. Белгілі болғандай, оқиға болған күні жәбірленушінің үйіне 23 жастағы алыс туысы келген. Кенет олардың арасында жанжал туындап, 40 жастағы ер адам ауруханаға түскен.Күдікті қылмыс орнында ұсталды. Құзырлы органдар ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.