• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Ақпан, 2023

Журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекет жасаған 18 адам ұсталды

503 рет
көрсетілді

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы жылдың 20-шы ақпанына дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ олардың қызметіне байланысты 1 адамға бірқатар құқықбұзушылық әрекет жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автомобильдерді өртеу, оларды қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы жалған хабарламалар және интернет желісінде дербес (жеке) деректерді тарату фактілері жасалды.Бұл қылмыстарды ашу үшін арнайы Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 115 (қауіп), 147 (Жеке өмір туралы мәліметтерді тарату), 158 (журналистік қызметке кедергі жасау), 202 (бөтеннің мүлкін қасақана жою), 293 (бұзақылық) баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.Қазіргі уақытта аталған барлық фактілер ашылып, қылмыс жасауға қатысы бар 18 адам ұсталды.Дәлелдемелік базаны бекіту бойынша қажетті тергеу, жедел іс-қимыл амалдары жүргізіліп жатыр.