Сыртқы істер министрлігі Блинкеннің Астанаға ықтимал сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазір Америка тарапынан ресми растауды күтіп отырмыз. Нақты ақпаратты кейіннен жариялаймыз», деді Мұхтар Тілеуберді журналистерге сұхбат бере отырып.
Бұған дейін Астанада С5+1 форматындағы министрлердің жыл сайынғы кездесуі өтетіні, оған қатысу үшін Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келеді деген хабар тараған еді.