19 ақпанда «Нива» автокөлігіне мінген екі ер адам Қарағандыдан «Алайғыр» кен орнына жол жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық ТЖД хабарлағандай, кен орнының күзетшілері ер азаматтың біреуін кен орнынан 5 шақырым жерде тапқан. Ер адам ауруханаға жеткізілді.
Екінші жоғалған адамды іздеу жұмыстарына құтқарушылар тартылды. Нәтижесінде оның мәйіті кен орнынан алты шақырым жерде табылды.
«ТЖ департаменті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалғанын еске салады. Ауа райының нашарлауы кезінде алыс қашықтыққа, әсіресе түнде шығуды және жаяу жүруді шектеу қажеттілігі туралы ескертеміз», делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.