• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Президент 22 Ақпан, 2023

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевті қабылдады

334 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Талғат Қалиевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құрылтай мүшесі Президентке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық бірегейлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар саясаттанушы зерттеу орталықтарының қоғамдағы рөлі, соның ішінде «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.