Дубай WTA 1000 турнирінде бақ сынаған Қазақстанның бірінші және әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, Елена Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездесуі керек еді.
Бірақ Қазақстан өкілі арқа жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Коко Гауфф ширек финалға жолдама алды.