Қазақстанда мұнай өнімдерін өндіру және әуе тасымалы салаларын демонополизациялау жөніндегі жаңа шаралар қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен мұнай өңдеу зауыттарының бірінде техникалық сервистің негізгі функцияларын аутсорсингтен кәсіпорынның өзіне қайтару мәселелері талқыланды. Бұл аталған қызметтерді орындауға араласатын артық делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді.
Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында мұнай өнімдерін өндіру саласы және жолаушылар әуе тасымалы нарығында монополияға қарсы жаңа шараларды іске асыру жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр уәкілетті органдарға бекітілген шешімдерді іске асыру үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды.