• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Ақпан, 2023

Шымкент тұрғындары қаржы пирамидасының құрбаны болды

309 рет
көрсетілді

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы үй немесе көлік алуға көмектесемін деп тұрғындарды алдап соққан. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ПК «GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Міндетті кіру жарнасы 240 мың теңгені құрайтын тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесу және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімдер жасаған күдікті анықталды. Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асты», деп жазылған ҚМА хабарламасында.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.