Қазақстан шекарашылары мен полицейлері елден заңсыз өтпек болған тоғыз пәкістандықты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматы Қазақстанға өту үшін қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған.
Ұсталғандарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады.