• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 23 Ақпан, 2023

Өткен жылы елімізде экспорт көлемі артты

466 рет
көрсетілді

2022 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы рекордтық көрсетішке, 134,4 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыртқы сауданың көп үлесін Атырау, Алматы, Астана қалалары құрайды. Атырау - 25 пайыз, Алматы - 21 пайыз, Астана - 11 пайыз. Ал керісінше, экспорты ең төмен Ұлытау, Жамбыл, Жетісу облыстары. Үш облыс жалпы экспорттың 0,6 пайызын ғана құрайды.

Ал сыртқы сауда айналымындағы өңірлердің өндіріс ерекшелігіне тоқталсақ:

Шикізат экспортайтын үздік 3 өңір (58,2 млрд доллар):

Атырау облысы (53,2%)БҚО (13%)Астана (9,7%)

Металл экспортайтын үздік 3 өңір (15,1 миллиард доллар):

Қарағанды (33,5%)

Павлодар (17,8%)

ШҚО (14,7%)

Дайын өнімді экспортайтын үздік 3 өңір (4,7 млрд доллар):

Алматы (51,2%)Астана (14%)Алматы облысы (7,1%)

Қазақстандағы тауарларды импорттайтын үздік 3 өңір (50 млрд доллар):

Алматы (43,1%)Астана (11,4%)Алматы облысы (8,0%)

Тұтыну тауарларын импорттайтын үздік 3 өңір (15 млрд доллар):

Алматы (54%); Алматы облысы (14%); Астана (7,7%).

Инвестициялық тауарларды импорттайтын үздік 3 өңір (11,6 млрд доллар):

Алматы (53%)Астана (11,7%)Алматы облысы (5,4%)