• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Жәдігер 23 Ақпан, 2023

Көнеден жеткен көк шапан

545 рет
көрсетілді

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы көне жәдігерлердің қатарында атақты ақын, әнші-сазгер Басықара баласы Қанапияның шапаны да тұр. Түркістанға тәу етуге киіп барған шапаны екен.

Бертінге дейін серінің аталас ұрпағы Смағұл молданың үйінде сақ­талып келген. Ол кісі дүниеден өтерінде келіні Сақыпқа тапсырып кетіпті. Көнетоз көк шапанды биыл Рудный қаласында тұратын Смағұл молданың жиені Күләш Көдебаева музейге әкеліп тапсырған. 

Сібір мен Орынборға аты шыққан Қанапия Басығараұлы 1840 жылы Әулиекөл өңіріндегі Бесағаш ауылында туған. Аса ауқатты ортадан шықса керек.

– Басықара баласы Қанапия дегенде көз алдымызға көзі көмір шоғындай, сөзі мірдің оғындай, сегіз қырлы, бір сырлы, екі иығына екі кісі мінгендей батыр тұлғалы, кесек мінезді жігіт елестейді. Өткен күннен сақ­талған суреті жоқ. Бірақ ел аузын­да сақталған дерек көп. Көзі ашық, көкірегі сергек Қанапия Бір­жан сал­ға өлеңмен хат жазған. Бұл хаттан екеуі­­нің дос болғаны байқа­лады, – дейді белгілі ақын Ақылбек Шаях­мет.

Қаламгер ағамыздың айтуынша, Қанапия 1917 жылдың наурыз айында сүзектен қайтыс болған.

 

Қостанай облысы