• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Ақпан, 2023

Ең үздік тренд бағыт – Қазақстан!

352 рет
көрсетілді

Үндістан саяхатшылары үшін Қазақстан ең үздік тренд бағыт деп танылып, жыл сайынғы Versatile Excellence Travel Awards (VETA) сыйлығымен марапатталды. Бұл сыйлық Үндістанның туризм саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып, шетелдік туристерді өз еліне шақырған үздік туркомпаниялар мен туристік орындарға беріледі.

Travelscapes – үкіметтік мекемелер, бірінші дәрежелі қонақүйлер, Туризм индустриясы, елшіліктер және корпоративтік секторлар арасында танымал жергілікті b2b басылымы. Марапаттау рәсіміне Мә­дениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков қатысты.

«Үндістан азаматтары үшін 14 күн­дік визасыз режім енгізілгеннен кейін Қазақстанға келетін үндістандық саяхат­шылардың санының айтарлықтай өскені байқалады. Сондай-ақ біз миллиард тұр­ғыны бар ел үшін танымал турис­тік бағыт ретінде танылғанымызды мақ­тан тұтамыз. Бұл жетістік – Қазақ­стан­дағы қалалық, экологиялық, қызық­ты оқи­ғалы, мәдени және MICE туризм бағыты ретінде ілгерілетуде бірлескен күш-жі­гер­дің нәтижесі», деп атап өтті Д.Рыспеков.

Айта кетейік, өткен жылы елімізге 28 300 Үндістан азаматы келген. Бүгінгі таңда Eqonaq ақпараттық жүйесінің деректері бойынша, Қазақстанның қонақүйлеріне Үндістаннан келген 2 мыңнан аса қонақ тоқтаған. Үндістан азаматтары еліміздің Алматы, Астана және Шымкент сияқты ірі қалаларында демалғанды жөн көреді екен.

Сондай-ақ Қазақстан биыл Делиде ұйымдастырылған Оңтүстік Азиядағы ең ірі саяхат және туризм көрмесі SATTE-ге қатысқан еді. Қазақстан деле­га­ция­сы құрамында Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индус­триясы ко­митетінің, Kazakh Tourism, төрт отан­дық туроператор және әуе ком­па­нияларының өкілдері болды.