• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2023

Биыл атаулы әлеуметтік көмекке 73,9 млрд теңге бөлінді

314 рет
көрсетілді

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай  бойынша 67,1 мың отбасындағы 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл  осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген  әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

Биылғы  жылдың 1 ақпанындағы жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 106,4 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.