• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Ақпан, 2023

Қазақстан мен Жапония стратегиялық ынтымақтастықты нығайтады

282 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Жапония арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мәселелері ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыштың Жапония елшісі Джун Ямадамен кездесуі барысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың негізгі жетістіктерін атап өтіп, келешектегі перспективаларына тоқталды.

Қазақстандық дипломат Астана мен Токио арасындағы жоғарғы және жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі нығайтудың маңыздылығы туралы мәлімдеді.

Екі ел қоршаған ортаны қорғау, көлік және логистика, цифрландыру және өзге де салалардағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.

2022 жылы елдер арасындағы тауар айналымының өсуі қанағаттанарлық деңгейде жүргізілген.