• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2023

Қазақстанда вахталық жұмысшылардың саны көбейген

318 рет
көрсетілді

Қазақстанда вахталық жұмысшылардың саны көбейіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ranking.kz мәліметіне сүйеніп.

Кейінгі бір жылда Қазақстанда вахталық жұмысшылардың саны  өсіп, «коронадағдарысқа» дейінгі көрсеткіштерге оралды. 2022 жылдың төртінші тоқсанында 125,9 мыңға жуық қазақстандық үйден тыс жерде жұмыс істеді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,1 мың адамға көп. Бұл - статистика тек тұрғылықты жерінен тыс жерде жұмыс істейтін, айына 1-2 рет үйге келетін (немесе қызметкердің келісімі бойынша азырақ) азаматтар.    ҚР-дағы ішкі еңбек мигранттары ең аз 2020 және 2021 жылдары байқалды: тиісінше 96,5 мың және 94,8 мың адам. Ол кезде ел ішінде қозғалыс қиын болды немесе ауысымдағы жұмысшыларға қосымша талаптар қойылды (мысалы, ауысым алдында карантинде болу).   ҚР Ұлттық статистика бюросы Ресейге вахтаға кеткен азаматтарды ешбір жағдайда есепке алмайды. Олар басқа мемлекетте жұмыс істейді және қазақстандық есеп жүйесіне көрінбейді. Жұмыспен қамту статистикасында бұл еңбек эмигранттарын жұмыссыздар ретінде көрсетуге болады.   Былтыр төртінші тоқсанда ресми тіркелген вахталық жұмысшылардың жартысынан көбі (56,4%) ауыл тұрғындары болды. 43,6%-ы - қала тұрғындары. Ауыл мен қаланың шамамен бірдей қатынасы бесжылдықтың алдыңғы жылдарында да тіркелді. Барлық вахталық жұмысшының 51,2%-ы үйден алысқа — өз өңірінен кеткен жоқ. 39,2%-ы өз өңірінен тыс алысқа аттанды.   Былтырғы төртінші тоқсанда вахтамен жұмыс істейтін 125,9 мың жұмысшының 87,6%-ы ерлер болды. Әйелдер -  12,6%-ды құрады.   Барлық тіркелген вахталық жұмысшылардың төрттен үш бөлігі, яғни 94 мың адам айына 1-2 рет үйіне келеді. Жалпы санның 25%-ы айына бір реттен аз үйіне келеді.   2023 жылғы 21 ақпандағы дерек бойынша, hh.kz сайтында вахталық жұмысшылар үшін 761 бос жұмыс орны ұсынылған.   Enbek.kz электрон еңбек биржасында барлық бос жұмыс орындарының төрттен бір бөлігі (89) 300 мың теңгеден жоғары жалақы ұсынады. Ұсыныстардың жалпы санының 20,2%-ы (74) 200 мыңнан 300 мың теңгеге дейін табыс алуға уәде береді.   Вахталық жұмысшылардың табыс деңгейін бағалау кезінде бір маңызды факторды ескеру қажет. Мұндай жұмыс кестесі бар бос орындардың көпшілігі вахтаның бір ауысымына (әдетте 28–30 күн) ақы төлейді. Содан кейін қызметкер 2–4 аптаға үйіне кетеді.