Синоптиктер 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжам бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, республиканың солтүстік жартысында төмен қарлы боран, оңтүстік облыстарда көктайғақ болады.
Тек Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түседі.