• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2023

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттады

479 рет
көрсетілді

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,3 пайыз өсті. Ал жылдық мәнде алғанда өсім 23,7 пайызды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz  Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«Нан 0,3%, макарон өнімдері 0,7%, сары май 0,7%, сиыр еті 0,3%, күріш 1,5%, пияз 2,3%, қырыққабат 3,4%, сүзбе 0,2%, картоп 0,6%, сәбіз 0,8%, тұз 0,5%, айран 1,1% қымбаттады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат апта сайын барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан жиналады», делінген бюро мәліметінде.

2023 жылғы 21 ақпандағы деректерге сүйенсек, 1 л өсімдік майының орташа бағасы – 903 теңге, 1 келі рожки – 309 теңге, 1 келі күріш – 376 теңге.