АСТАНА. 23 маусым. Елорда күніне орай 2 жалпы білім беру мектебі мен 2 балабақша қала тұрғындарының игілігіне ұсынылмақ. Бұл туралы astana.kz хабарлады.
Ашылғалы отырған мектептердің бірі Астананың Керей, Жәнібек хандар, Түркістан, Орынбор көшелері аумағында орналасқан. Ол 1 200 балаға арналған. Ал екінші мектеп Ш.Қалдаяков көшесінде ашылады.
Сонымен қатар, Елорда күніне орай И.Панфилов пен С.Торайғыров көшелерінің қиылысында 140 орындық балабақша, ал Е 233, Е 234, Е 237 көшелерінің қиылысында 190 балаға арналған BI - Village Comfort балабақшасы бүлдіршіндерді қабылдай бастайды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: astana.kz.
Фото: astana.kz.