• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2023

Ақмола облысында 11 шетелдік заңсыз жұмыс істеген

260 рет
көрсетілді

Ақмолалық полицейлер көші-қон заңнамасын бұзудың 150 фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсаты жоқ Өзбекстан Республикасының 11 азаматын анықтады. Целиноград ауданы, Қызыл жар ауылында сауда үйінің құрылысына қатысқан заңсыз еңбек мигранттары анықталды.

Жалпы, төрт күн ішінде Ақмола полициясының қызметкерлерімен 150 әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, еңбек иммигранттарын тартқаны үшін жұмыс берушілерге қатысты 12 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар өткен кезеңде 28 шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзімі қысқартылды.