Бүгін «Барыс» клубы елордада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есепті алғашқы болып ресейлік клуб ашты. Ойынның 4-минутында «Барыс» хоккейшісі Михаил Рахманов есепті теңестірді.
Ал 7-минутта Павел Красковский «Локомотивті» алға шығарды.
Екінші кезеңнің 26-минутында Максим Осипов кездесудегі екінші шайбасын соқса, 27-минутта Сергей Андронов басымдықты арттыра түсті.
Оған 34-минутта қазақстандық командадан Дмитрий Шевченко бір шайбамен жауап қайырды.
Ойынның 44-минутында «Локомотив» хоккейшісі Степан Никулин мергендік танытса, қазақстандық Михаил Рахманов 47-минутта есеп айырмасын қысқартты.
Кездесуде «Барыс» қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберді.
Енді Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты кезеңі мәресіне жетіп, плей-офф сатысы басталады. «Барыс» қазір турнир кестесінде 20-орынға түсіп, жарыстың аталған сатысына шығудан тыс қалды.