• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2023

Теміртауда алып бала дүниеге келді

903 рет
көрсетілді

Теміртаудағы «Ана мен бала» көпсалалы орталығында салмағы 5 келіден асатын ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық дәрігерлерінің айтуынша, нәрестенің салмағы – 5055 грамм, бойы – 57 сантиметр. Анасы оны табиғи жолмен босанған. Қазір ана мен баланың  жағдайы қалыпты. Олар дәрігерлер бақылауында.

«Бұл – әйелдің төртінші баласы. Акушерлікте үлкен салмақты балалардың дүниеге келуі жиі кездеседі. 4 мың грамнан асатын балалар үлкен саналса, салмағы 5 мың грамнан асатын сәбилер алып балалар тобына жатады», делінген хабарламада.