• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Ақпан, 2023

Оразбек Асылқұлов «Странджа-2023» турнирінде жекпе-жек өткізеді

331 рет
көрсетілді

Бүгін Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық «Странджа-2023» турнирінде Қазақстан спортшысы Оразбек Асылқұлов финалдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық турнирде 57 келі салмақта сынға түсіп жатқан ол Болгария құрамасының намысын қорғайтын, кубалық Хавьер Ибаньеспен қолғап түйістіреді.

Аталған жекпе-жек елорда уақытымен 21:00-де басталатын кешкі сессияда өткізіледі.

Бұған дейін Оразбек Асылқұлов ирландиялық Джуд Галлахер, бразилиялық Луис Оливейра, өзбекстандық Абдумалик Халоков және армениялық Артур Базеянды орта жолда қалдырып кетті.