• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ғылым 27 Ақпан, 2023

«Евклид» ғарыш кемесі қара энергия мен қара материяны зерттейді

489 рет
көрсетілді

Бірнеше айдан кейін ғарыш телескопы құпиясы ашылмай келе жатқан қара материя мен қара энергияны зерттеуге жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеңістіктің 95 пайызын құраса да қара материя мен қараңғы энергия әлі толық зерттелмеген. Адамзат үшін бұл құпия болып келе жатыр. 

Бұл туралы зерттеу жүргізу үшін «Евклид» жобасы жетекшілері аспан әлемінің 2 миллиард галактиканы қамтитын 3D картасын дайындауды жоспарлап отыр. «Евклид» телескопы 10 миллиард жарық жылы қашықтығына дейін зерттей алады. Ғалымдардың айтуынша, бұл ғаламның қалай дамығаны туралы тың деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Биіктігі 4,7 метр, ені 3,5 метр, салмағы екі тонна ғарыш кемесі осы аптада Францияның Канн қаласындағы Thales Alenia ғарыш компаниясында таныстырылды.

Ол ғарышқа 1-30 шілде аралығында SpaceX Falcon 9 зымыранымен ұшырылады. Ұшырылмастан бұрын жақын арада соңғы сынақ өткізіледі.

Басында Евклид телескопы Ресейдің «Союз» зымыранымен ғарышқа ұшады деп жоспарланған болатын. Бірақ өткен жылы Мәскеу Украинаға басып кірген соң, Еуропалық санкцияларға байланысты ұшыру кейінге қалдырылған еді.