Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушыларды тіркеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
2023 жылдың 20 қаңтарында Халықаралық байқаулар институты ашылғаннан бері ОСК 14 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 111 байқаушыны тіркеді.
Бүгін аккредиттеуден өтуге тағы 52 байқаушы, атап айтқанда:
Үндістаннан – 3; Молдовадан – 2; ТМД байқаушылары миссиясынан – 17; ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан – 28; Шанхай ынтымақтастық ұйымынан – 2 байқаушы ұсынылды.