Қос азаматтығы бар Швеция азаматына ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Орал стансасында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын бұзған Швеция азаматын ұстады.
«Көлік полицейлері Қазақстан Республикасы мен Швецияның қос азаматтығы бар 57 жастағы әйелді ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша Швеция азаматшасы 200 АЕК (690 мың теңге) сомасына әкімшілік айыппұл түрінде жауапқа тартылды», делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.