• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Ақпан, 2023

Darkhan Juzz-дің денесі Алматыға жеткізіледі

492 рет
көрсетілді

СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 ақпанда қазақстандық әнші Darkhan Juzz-дің денесі Алматыға  жеткізіледі, деп жазады Egemen.kz.

«Біз марқұм жерлесіміздің туыстарымен, сондай-ақ оның продюсерімен байланыстамыз. Дарханның денесі ертең Пхукеттен Алматыға жеткізіледі. Тасымалдаудың барлық шығынын Air Astana әуекомпаниясы өз мойнына алды. Жерлеу қызметін сол жерде бірге болған достары төлеген.

Продюсердің айтуынша, жиналған қаражат қайтыс болған жігіттің туыстарына аударылады. Мәйітті жеткізу және тасымалдау үшін ақы алынбайды», деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.