• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Ақпан, 2023

Ертең АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

258 рет
көрсетілді

28 ақпанда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сондай-ақ Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөз жүргізеді.

Сол күні Астанада Э.Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының «С5+1» форматындағы министрлік кездесуі өтеді.

«С5+1» министрлік кездесуінде Орталық Азия елдерінің АҚШ-пен экономика, энергетика және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Бүгінде «С5+1» тетігі өзін Орталық Азияның көпжоспарлы дамуын қамтамасыз ету ісінде өңірлік ынтымақтастыққа ықпал ететін тиімді дипломатиялық платформа ретінде көрсетті.