Алматыда десантшылар жоғары сынып оқушылармен кездесу өткізді. Патриоттық іс-шараға қаланың барлық аудандарынан үш жүзден астам жоғары сынып оқушылары, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері мен жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері қатысты.
Оқушылардың Алматы қаласында орналасқан Десанттық-шабуылдау әскерлері құрамасымен танысуы казармадан басталды. Жасөспірімдерге мерзімді қызметтегі сарбаздардың тұрмысы көрсетілді. Олар мектеп оқушыларына төсек жинау, аяқ киім тазалау және киімді ұқыпты бүктеу сияқты әскердегі лайфхактарды көрсетті.
– Оқушылар әскердегі қызмет туралы көп біле бермейді. Біз оларға сарбаздардың қалай өмір сүріп жатқанын, қызметін көруге, сондай-ақ мұнда қандай әскери-есептік мамандықтарды үйренуге болатыны туралы білуге мүмкіндік береміз. Десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі қызмет жас жігіттің әлеуетін ашады. Ол өзіне деген сенімділікті арттыруға, нағыз адал достар табуға, жалпы айтқанда, Отанның нағыз қорғаушысы болуға мүмкіндік береді, – дейді әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Бақытжан Қырғызалиев.