• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Ақпан, 2023

Қазақстанда кондитерлік өнімдер қымбаттап барады

533 рет
көрсетілді

Бұл ретте шоколад бағасы бір жылда 25%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Еnergyprom сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың қаңтар айында шоколад пен кондитерлік өнімдердің өндірісі 8,1 мың тоннаға жетті, 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда өндіріс бірден 74,2%-ға өсті.

2022 жылдың 12 айында сектордағы өнім көлемі 96,9 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 8,4%-ға артық.

Биылғы жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша бағаның жылдық өсуі Алматы облысында 10,2%-дан асты, Қызылорда облысында 1,5 есеге дейін өзгереді. Шоколад өнімдері Ақмола (32,3%-ға), Маңғыстау (31,9%-ға) және Түркістан (жылына 30,8%-ға) облыстарында да қымбаттаған.

Бір қызығы, шоколад өндірісі артса да, оның бағасы бір деңгейде тұрақтамай, керісінше қымбаттап барады. Мәселен, қаңтар айында шоколад 0,9%-ға қымбаттады (бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 0,3%) болған. 

Соңғы 12 айда шоколад бағасының ең айқын айлық өсуі сәуірде (бірден 4,1%-ға), тамызда (2,7%-ға), шілдеде (2,6%-ға), сондай-ақ 2022 жылдың наурызы мен қыркүйегінде (2,5%-ға) тіркелді.