• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Ақпан, 2023

Ұлытау әкімі өңір атауларын өзгертуді ұсынды

202 рет
көрсетілді

Ұлытау әкімі Берік Әбдіғалиұлы кейбір облыстардың кеңестік кезде қойылған атауларын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы әкім «Ұлытау өңірінің рухани дамуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтты.

«Кеңестік кезеңде қойылған әкімшілік атаулар әлі күнге дейін қалып қойды. Мен олардың орнына мың жылдық тарихы бар киелі жер атаулары қойылуы керек деп есептеймін. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының атын - Ақжайық, Шығыс Қазақстан облысын - Алтай, Солтүстік Қазақстан облысын - Қызылжар, Павлодарды - Баянауыл деп өзгертер болсақ, бұл еліміздің барша тұрғындарын жігерлендірері сөзсіз», деді Берік Әбдіғалиұлы.