Астанада «BeeTV 40 Women’s» және «BeeTV 60 Women’s» турнирі басталды. Жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайтын жарыста бірқатар танымал теннисші бақ сынайды.
Елорда төрінде өнер көрсететіндер қатарында жұптық сайыста «Үлкен дулыға» додаларының тоғыз дүркін жеңімпазы, жапониялық Моюка Учиджима (120 WTA), дәл сол санаттағы турнирлерде алты рет топ жарған франциялық Кристина Младенович (150 WTA), бірқатар байрақты бәсекеде бағы жанған ресейлік Анастасия Захарова (166 WTA), румыниялық Ирина-Мария Бара (197 WTA), сербиялық Наталья Стефанович (221 WTA) және тағы басқа ойыншылар бар.
Кеше жеребе тарту рәсімі өтіп, жерлестеріміздің алғашқы айналымдарда кімдермен күш сынасатыны белгілі болды. Атап айтсақ, Анна Данилина Солтүстік Македонияның өкілі Лина Горческимен, Жібек Құламбаева грузиялық Екатерина Горгодземен, Аружан Сағындықова ресейлік Полина Кудерметовамен, Гозаль Айнитдинова Анастасия Захаровамен шеберлік байқасады.