• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Партия 28 Ақпан, 2023

Нақты әрі тұрақты ереже қажет

497 рет
көрсетілді

«Respublica» партиясының өкілдері елімізге озық технологияларды жеткізетін кәсіп­­­кер­лермен кездесу барысында сайлауалды бағдарламаларының негізгі мақсаттарымен таныс­тырды.

Атап айтсақ, партия өкілдері Қуанышбек Мұқаш, Олжас Құспеков, Бақытбек Хамит тау-кен, металлургия және осы салалардағы тех­­­­нологиялық материалдар мен жабдықтар жет­кізетін уәкілетті дилер «PES Global» ком­па­ниясының еңбек ұжымымен кездесті. Жиын барысында партия өкілдері кәсіпкерлердің дәл қазіргі мәселелерін талқылап, «Respublica»-ның мақсат-міндеттеріне тоқталды.

– Партияның миссиясы – мемлекеттік бас­қару жүйесінде қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін біріктіруге және ұсынуға арналған саяси күш құру. Кәсіпкерлікті дамыту отан­дық экономиканың жаңа драйверіне және ел азаматтарының әл-ауқатының негізіне айналады деп ойлаймыз, – деді Мәжіліс депутаттығына кандидат Олжас Құспеков.

Депутаттыққа кандидат Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, Қазақстан кәсіпкерлері бю­ро­кратия мен сыбайлас жемқорлыққа жиі ұшырайды, бұл адамдарды өз ісін жүргізуден алшақтатады, өйткені мұндай жағдайда бизнес­тің ұзақ мерзімді даму стратегиясын құру қиын­ға соғады. Қазіргі жағдайда елімізге кәсіп­кер­лік саласында сапалы өзгерістер қажет деп есептейді, партия өкілдері.

– Біз мектептен бастап қалыптасатын күшті және тұрақты кәсіпкерлік мәдениетті жасауға және дамытуға баса назар аударамыз. Екіншіден, нақты және тұрақты ережелері бар бизнесті қалып­тастыру қажеттігін түсінеміз. Ол үшін сауатты әрі түсінікті салық кодексін әзірлеп, бе­кітуді ұсынып отырмыз, оны үш жыл бойы өзгертпеу керек, – деді Қуанышбек Мұқаш.

Осылайша, «Respublica» партиясы күшті кәсіпкерлік мәдениетті құруға және дамытуға баса назар аударады. Олар нақты және тұрақты ережелері бар бизнес-ортаны қалыптастыру, қол­же­тімді қаржы құралдары мен қызметтеріне  қолжетімділікті қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту, бюрократиялық кедергілерді азайту және квазимемлекеттік сектордың нарықтық билігін шектеу сияқты бастамаларды көтеріп отыр.