• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Партия 28 Ақпан, 2023

Азаматтардың мүддесін қорғау – абыройлы іс

389 рет
көрсетілді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидат Талғат Омаров «Астана су арнасы» кәсіпорны ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

– Қазақстанда бай әрі табысты болудың мызғымас шарттары ешкімге жасырын емес – әркімнің иелігіңде не банк, не пайдалы қазба орны болуы керек. Мұндай игіліктерді биліктегілерге – шенеуніктерге, олардың туыстарына не достарына бір табан жақын болсаң иеленесің. Корпоративтік, олигархиялық экономика мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Оны басқаратындар балама, қайта өңдеу секторларының дамуына, кәсіпорын қожаларының мықты табының қалыптасуына қызығушылық танытпайды. Санаулылардың пайдаға кенеліп, миллиондаған адамның кедейлікте күн кешуі – нағыз теңсіздік. Біз егжей-тегжей тексеру жүргізіп, ұрланып, оффшорға жасырылғанның бәрін елімізге қайтаруға міндеттіміз. Жобамен есептегеннің өзінде Ұлттық қордың үшеуіне тең келетін әлеует шетелде жатқаны мәлім. Бұл – азаматтарымыздың ақшаға шаққандағы болашағы. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына бізді қосуын талап етеміз. Біз 90-жылдардағы жекешелендіруден мол пайдаға кенелген ірі бизнесмендерді IPO өткізіп, орта кәсіпкерлерге активтерін бөліп беруін талап етеміз, олар болса экономикамыздың жаңа буынына айналады. Банкротқа ұшыраса, экономикаға зияны тиіп кететін компаниялар бізге қажет емес. Стратегиялық қор мен жер қойнауын бақылау үшін табиғи қазбаларды өндіру және экспорттаумен айналысатын салаларды бірте-бірте мемлекеттендіруге байқау жарияланады. Ұлттық өңдеуші өнеркәсіпке басымдық беріледі. Әділетсіз келісімшарттар қайта қаралатын болады, ал еліміз үшін кесірін тигізетін шарттар бұзылатын болады. Барлық келісімшарт тек Қазақстан аумағында жасалады және тіркеледі, ал олар бойынша барлық төлемдер тек отандық резидент банк­тер арқылы жүргізіледі. Бұл мәселе партияның басты назарында, – деді кандидат.