• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Наурыз, 2023

1 наурызға арналған ауа райы болжамы

315 рет
көрсетілді

Синоптиктер 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атлантикалық циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына ықпал етеді. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

Еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын сақталады. Тек еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан мұнда жауын-шашын жаумайды. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.