2022 жылы Қазақстанда тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысына сәйкес, халықтың 92%-ы мемлекеттік тілді меңгергені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде:
59,5%-ы – қазақ тілін жақсы меңгерген; 20,5%-ы – қазақ тілінде еркін сөйлеп, оқиды, бірақ нашар жазады; 5,4%-ы – түсінеді және түсіндіре алады; 7,4%-ы жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақ тілі курсынан 51 356 адам өткен. Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әрқайсында 5 мыңнан астам адам оқыған. Маңғыстау облысында тілдер оқытылмады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақ тілі курсынан 51 356 адам өткен.