• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Наурыз, 2023

Юсуп Келигов: Қазақ халқының толеранттылығының арқасында аман қалдық

464 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Алғыс айту күніне орай «Алғыс – сөздің асылы» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесудің шымылдығын Академия ректоры Ерлан Әбіл ашып, іс-шара қонақтары мен қатысушыларына алғыс айтты. 

Жиын барысында Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ҚХА кеңесі мүшесі, Қазақстан Республикасындағы «Вайнах» шешен және ингуштар қауымдастығының тең төрағасы Юсуп Хасанович Келигов тарихқа тереңінен үңіліп, қазақ халқына деген ризашылығын білдірді. 

«Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын. 1930 жылдары аштықтың салдарынан жарты халқынан айырылғанына қарамастан, Қазақстанға айдалған өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан қазақ халқының ерекшелігін атап өткім келеді. Біз – депортацияланған халықтың ұрпағымыз, балаларымызға қазақ халқының толеранттылығы мен мейірімділігінің арқасында аман қалғанымызды үнемі айтып отырамыз. Олар бүгінгі тұрақтылық пен бейбітшіліктің қадірін түсінсін деген оймен тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеміз. Бүгін – Қазақстанда тұратын 130-дан астам ұлт өкілінің алғыс айтатын күні. Еліміздің дамуы жолындағы барлық кезеңнің куәгері болып жатқанымызға қуаныштымыз», деді Юсуп Хасанович.