• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Видео 01 Наурыз, 2023

Батыс Қазақстанда ақбөкеннің 2 мыңнан астам мүйізі тәркіленді

604 рет
көрсетілді

БҚО ПД ҰҚҚК басқармасының және ҚР ҰҚК-нің БҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп «Браконьер» жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында ақбөкен дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тінту барысында ақбөкеннің екі мыңнан астам мүйізі табылып, тәркіленді. Аталған факті ҚР ҚК 339-1-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша іс қозғалып, 5 адам Орал қаласы ПБ-не жеткізілді.   Полиция қызметкерлері хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.