Туризм 01 Наурыз, 2023

Шығындардың бір бөлігін өтейді

303 рет
көрсетілді

Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың бірнеше құралы іске қосылды. Олардың ішінде, бизнестің туристік нысандарды салуға және қажетті жаб­дықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарын ішінара өтеуі де бар. Бұл Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен енгізілген төрт жаңа заңнамалық нормалардың арқасында жүзеге асып отыр.

Біріншіден, туристік нысандарды салу және реконструкция­лау үшін кәсіпкерлерге оның шы­ғындарының 10%-ы өтеледі. Екіншіден, жол бойындағы сервис объектілерін (қонақүйлер, жанармай құю бекеттері, сауда және тамақтану пункттері және т.б.) салған кәсіпкерлерге де осы мөлшерде субсидия қарас­тырылған. Үшіншіден, 8 неме­се одан да көп орындық турис­­тік автобустарды сатып алу үшін өтем­ақы 25%-ды құрайды. Төртін­ші­ден, тау шаңғысы курорттары­на арналған жабдықтарды сатып ­алу үшін де дәл осы мөлшерде өтем­ақы қарастырылған. Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстау субсидияланады (айына 83 000 теңге). Мысалы, Ақмола облысындағы Зеренді ауда­нында 75 млн теңгеге бала­ларға арналған сауықтыру орта­лығы қайта жаңартылып жатыр. Кәсіпкерге жоба құнының 10%-ы өтеледі.

Ақмола және Шығыс Қазақ­стан облыстарының екі кәсіп­керіне туристік автобустар сатып алғаны үшін 11 млн теңге бе­ріледі. Сондай-ақ биыл еліміз бойынша 567 санитарлық-гигие­налық торапты ұстауға арнал­ған шығындарды өтеу көзделген. «Туризмді дамыту бизнеспен бел­сенді ынтымақтастықсыз мүм­кін емес. Сондықтан біз еліміз­дегі туристік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз. Жаңа техниканы сатып алуға жұм­салған шығындардың бір бөлігін өтеу шынымен де ірі жос­­парларды іске асыруға түрткі бо­лады. Кәсіпкерге тек өтінім бе­ріп, өз жобасын ұсынуы керек», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.