• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Наурыз, 2023

Қазақстандықтар қаңтар айында 684 млрд теңгеден астам қарыз алған

278 рет
көрсетілді

2023 жылдың қаңтар айында банктер қазақстандықтарға 684 млрд теңгеден астам қарыз берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банктің статистикасы бойынша, ең көп несиені  Алматы қаласы тұрғындары алған. Қаражат сомасы 262,1 млрд теңгені құрайды. Одан кейін елорда тұрғындары – 66,6 млрд теңге және Шымкент – 51,9 млрд теңге мөлшерінде несие алған.

Сондай-ақ несие мөлшері Қарағанды облысында – 34,2 млрд теңге, Ақтөбе облысында – 28,3 млрд теңге және Маңғыстау облысында – 26,2 млрд теңгені құрайды.

Ал несиенің ең аз мөлшердегі көрсеткіші Алматы облысы – 2,1 млрд, Ұлытау облыстарында – 5,2 млрд.  

2023 жылдың қаңтар айында жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық несиенің жалпы сомасы 684,6 млрд теңгені құраған.