Бүгін Вьетнам Социалистік Республикасының Ұлттық жиналысы саяси бюроның мүшесі, билеуші Вьетнам Коммунистік партиясы (КПВ) Орталық Комитеті хатшылығының тұрақты мүшесі Во Ван Тхуонгты елдің жаңа президенті етіп сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Во Ван Тхуонг отанына, билеуші Вьетнам Коммунистік партиясына және Вьетнам халқына адал болуға ант берді. Мемлекет басшысының ұлықтау рәсімі дауыс беру қорытындылары жарияланғаннан кейін бірден өтті.
52 жастағы Во Ван Тхуонг қазіргі Вьетнам тарихындағы 12-президент болды. Ол 1970 жылы 13 желтоқсанда оңтүстіктегі Винь Лонг провинциясында дүниеге келген. 1992 жылы Оңтүстік Хошимин университетінің философия факультетін маркстік-лениндік философия мамандығы бойынша, ал 1999 жылы Вьетнам ұлттық университетінің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар университетінде философия магистрі дәрежесін алды. Осы жылдар ішінде Вьетнам Коммунистік Жастар Одағында, жергілікті партия ұйымдарында жауапты қызметтер атқарып, 2007 жылы маусымда Ұлттық жиналысқа депутат болып сайланды.
Президентті, премьер-министрді және парламент төрағасын қоса алғанда, барлық жетекші кадрларды сайлау Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ұсынысы бойынша Вьетнам Социалистік Республикасының Конституциясына сәйкес Ұлттық жиналыс өтеді.
1 наурызда Ханойда өткен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 13-шақырылымындағы кезектен тыс пленумында билік партиясы отставкаға кеткен Нгуен Суан Фуктың орнына ел президенттігіне Во Ван Тхуонгтың кандидатурасы ұсынылды. Жаңа президент елді 2026 жылға дейін басқарады.
69 жастағы Нгуен Суан Фук қазіргі Вьетнам тарихындағы өкілеттілігі аяқталмай тұрып отставкаға кеткен тұңғыш президент болды.