• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Наурыз, 2023

Атырау облысында шетелдіктерді тонағандар ұсталды

249 рет
көрсетілді

Жылыойлық полицейлер шетел азаматтарын тонады деген күдікке ілінген ер адамдарды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 ақпан күні Доссор - Құлсары тас жолында орналасқан шайханада белгісіз адамдар тобы тапаншаға ұқсас затпен Өзбекстан Республикасының азаматтарын қорқытқан. Олар 4 ұялы телефон мен 1 мың рубль қаражатын ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Нәтижесінде, аталған оқиғаға қатысы бар 2003, 2005 және 2003 жылы туған аудан тұрғындары қамауға алынды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі уақытта ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.