Ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көлік қозғалысы барлық көлік түрлері үшін жабық:
Абай облысы, Алматы-Өскемен трассасы, Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі учаске. Ақмола облысының 2 учаскесі: Щучинск-Зеренді трассасы, Щучинск қаласынан Зеренді ауылына дейінгі учаске; Екатеринбург-Алматы тас жолы, Атбасар қаласынан Қажымұқан кентіне дейінгі учаске. Шығыс Қазақстан облысы, Алматы-Өскемен трассасы, Абад облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне бұрылуға дейінгі учаске. Қарағанды облысы, Екатеринбург-Алматы тас жолы, Жұмабек ауылынан Балқашқа дейінгі учаске.