• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Наурыз, 2023

Екі жүлдемен толықты

142 рет
көрсетілді

Ресейдің Кузбасс аймағында «Азия балалары» деп аталатын халықаралық қысқы ойындар жалғасып жатыр. Кеше Қазақ­стан құрамасының қор­жыны тағы екі жүлдемен толықты.

Көктемнің алғашқы күні отандық шорт-трек шеберлері қуантқан еді. 1000 метрлік са­йыс­та Мейіржан Төлеген бас жүлдені олжалады. Оның нәтижесі – 1.30:623 секунд. Екінші орынды Мадир Мадихов иеленді. Күміс жүлдегердің көрсеткіші – 1.32:608 се­кунд. Кеше шаңғымен трамплиннен се­кіру­шілердің командалық сайысында Илья Мизерных пен Софья Шишкина күміс медальды мойнына ілсе, Илья Шильников пен Алена Свириденко қолаға қол созды. Бұл бәсекеде жерлестеріміз тек Кузбасс құрамасынан қалып қойды.

Жалпыкомандалық есепте мәскеуліктер көш басында келеді. Олар 13 алтын, 4 кү­міс және 10 қоланы олжалады. Екінші және үшінші орындарды Сібір федералдық округі (9+9+5) мен Орал федералдық округінің (6+6+5) жас өрендері иеленуде. Қор­жы­нында 11 жүлдесі (2+4+5) бар Қазақстан құрамасы әзірге үздік бестікті түйіндеп тұр.