• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Наурыз, 2023

Медведевті ұта алмады

107 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик теннистен БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан АТР-500 турнирінің екінші айналымынан аса алмады.

Тұсаукесер кездесуінде жерлесіміз Александар Лазаровпен күш сынасты. Бірін­ші сет Бубликтің айқын жеңісімен аяқ­талды – 6:1. Одан кейін жарақатын желеу еткен болгариялық теннисші жарысты жалғастырудан бас тартты. Екінші кезеңде ол Даниил Медведевпен кездесті. Бұл күндері әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған 27 жастағы Ресейдің өкілі спорттың бұл түрінде көптеген биік белесті бағындырды. Атап айтсақ, соңғы екі жылда US open додасында дара шықты, Аустралияның ашық біріншілігінің финалында екі мәрте ойнады. АТР турнирлерін 17 рет ұтты. Осыдан тура бір жыл бұрын Мед­ведевтің әлемдік рейтингте көш бастағаны да есімізде. Осындай мықты ойыншыға Александр лайықты қарсылық көрсете алмады. 1 сағат 5 минутке созылған бәсеке 6:4, 6:2 есебімен ресейліктің пайдасына ше­шілді.

Чили астанасы Сантьягода да ха­лық­аралық турнир өтіп жатыр. Бұл жарыстың жұптық сайысында Андрей Голубев пен Александр Недовесов өнер көрсетті. Екінші кезеңде жерлестеріміз үндістандық Шрирам Баладжи мен Дживан Недунчежиянға 5:7, 6:4, 6:7 есебімен есе жіберді.