• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Наурыз, 2023

Пирамида ішінен жасырын дәліз табылды

378 рет
көрсетілді

Египеттің көне жәдіргерлер өкілдігі үлкен пирамиданың кіреберісінде жасырын дәліз бар екенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәліздің ұзындығы - 9 м, ені - 2,1 м.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл дәліз әлі ашылмаған пирамидаға апаруы мүмкін. Ал жасырын дәліз муография деп аталатын бейнелеу әдісі арқылы табылды.

«Біз жасырын дәлізді зерттеу үшін, дәліздің қайда апаратынын табу үшін сканерлеуді жалғастырамыз», деді Мысырдың көне мұралары Жоғарғы кеңесінің басшысы Мостафа Вазири.

Биіктігі 146 метр болатын ұлы пирамиданы перғауын Хуфу немесе Хеопс салған. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 2609-2584 жылдар аралығында билік еткен.

Бұл пирамида ең көне және ең үлкен ескерткіштердің бірі болса да, оның қалай салынғаны туралы нақты мәлімет жоқ.