• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Наурыз, 2023

Бүгін - Қырғызстанда Мемлекеттік Ту күні

654 рет
көрсетілді

Бүгін Қырғызстан Республикасында Мемлекеттік Ту күні аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан халқын мерекемен құттықтап, ынтымағы жарасқан халқына бейбітшілік, бақ-береке, ашық аспан, жарқын болашақ тіледі.

Мемлекеттік Ту 1992 жылы 3 наурызда Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бекітілді. Мереке Қырғызстан Республикасы президентінің 2009 жылғы 10 маусымдағы «Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы» Жарлығымен белгіленіп, 2010 жылдың 3 наурызынан бастап жыл сайын тойланып келеді.

Оның авторлары Қырғызстанның белгілі сәулетшілері мен суретшілері Еділ Айдарбеков, Бекбосын Жайчыбеков, Сабыр Иптаров, Жүсіп Матаев және Маматбек Сыдықов.