Аппарат басшысы Үсен Жетенов өткен жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бұйрығымен нақтыланған «Мемлекеттік қызметші күні» мерекесінің мән-маңызына тоқталып, Елбасы стратегиясындағы 30 алдыңғы қатарлы ел санатына қосылуға мемлекеттік қызметкерлердің де атсалысуы қажеттілігін түсіндірді. Бесінші сайланған Парламент Мәжілісінің үшінші сессиясының қорытындыланып келе жатқанын мәлімдеді.
Атаулы мерекелеріне орай Аппарат қызметкерлері – Асқар Жақыпов, Наталья Лотова және Айнаш Тәшімова «Үздік мемлекеттік қызметкер» атағымен және төсбелгісімен марапатталды.
Бірқатар қызметкерлерге Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың «Алғыс хаты» тапсырылып, енді біразына Аппарат басшысының алғысы жарияланды.
«Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай бір топ жас қызметкер салтанатты түрде Мемлекеттік қызметкер антын қабылдады.