Португалияның Вила-Реал қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде 16 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
17 жасқа дейінгілер арасында Алан қарсыластарының бәрін ұтты. Атап айтқанда, испаниялық Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Рико өкілі Энрике Риосты, чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сондай-ақ тағы бір испаниялық Даниэль Берзосадан, румыниялық Драгош Бужорадан айласын асырды.
Осылайша, Алан Құрманғалиев алтыннан алқа тақты.